Атырау, 12 қазан 01:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Назарбаев Меркельге көңіл айтып жеделхат жолдады

1 893 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мюнхендегі қарулы шабуылда бейбіт адамдардың қаза тапқанына байланысты көңіл айтып, Германия канцлері Ангела Меркельге жеделхат жолдады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Мюнхен қаласында 22 шілдеде қарулы шабуыл салдарынан бейбіт адамдардың құрбан болғаны туралы қайғылы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдаған» делінген ақпаратта.

Назарбаев Меркельге, қаза тапқандардың жақын-туыстары мен бүкіл Германия халқына Қазақстан халқының және өз атынан қайғыларына ортақтастып, көңіл айтқан.

Шілденің 22-сі күні Мюнхендегі «Олимпия» сауда орталығында болған қарулы шабуыл салдарынан 9 адам мерт болып, 21 адам зардап шеккен. Жараланғандардың арасында балалар мен жасөспірімдер бар.

Германия полициясы қарулы шабуылға күдікті – Иран мен Германияның қос азаматтығыне ие 18 жастағы жігіттің қаза тапқаны туралы хабарлады. Полиция қылмысты жалғыз адам жасаған болуы мүмкін деген болжам айтады.

Дереккөз: Аkorda.kz

23 шілде 2016, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.