Атырау, 12 қазан 01:34
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Павлодарда Ниццада қаза тапқан қазақстандықтармен қоштасты

2 244 просмотра

Павлодарда бүгін Ниццадағы терактіде қаза тапқан қазақстандық үш азаматты жерлеу өтіп жатыр. 14 шілде күні Ниццаның әйгілі Ағылшын жағалауында болған шабуылдан қазақстандық 60 жастағы Любовь Панченко, 33 жастағы Марина Панченко және үш жастағы Сильвия Панченко қаза тапқан,- деп хабарлады Азаттық.

Қаза тапқандармен қоштасуға Павлодардың ондаған тұрғыны, облыс пен қала әкімдері, Францияның Қазақстандағы елшісі келді. Марқұмдардың денелері 21 шілде күні Павлодарға жеткізілген. Марқұмдардың денелерін Қазақстанға жеткізу шығынын Франция жағы мойнына алғаны хабарланған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ниццадағы теракт құрбандары арасында Қазақстанның тағы бір азаматы Наталья Отто да бар. Ол соңғы жылдары Бельгияның Антверпен қаласында тұрған.

14 шілдеде Ниццада Ағылшын жағалауы бойында мерекелік фейерверкті тамашалауға жиналған адамдарға жүк көлігімен барған адам шабуылдаған. Жүргізуші шабуыл орнында жүк көлігімен екі километрге жуық жерді жүріп өтіп, жолындағы адамдарды басып, таптаған. Шабуылдан 84 адам, оның ішінде 38 шетелдік қаза тапқан. Жүргізушіні полиция атып тастаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

22 шілде 2016, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.