Атырау, 12 қазан 01:34
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жақып Асанов теракт жайында: Біз азаматтарымызды қорғау үшін не істеу керектігін білеміз

2 995 просмотра

Фото: inform.kzҚР Бас прокуроры Жақып Асанов (суретте) құқық қорғау органдарының жұмысына азаматтардың сенімді бола алатыны жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Бас прокурордың төрағалығымен өткен ведомстводағылардың кеңейтілген отырысында бірінші жарты жылдықтағы жұмыстың қорытындылары талқыланды.

Бас прокурордың айтуынша, әлемде жаһандық сынақтар болды. "Олардың ең қорқыныштысы - терроризм. Күш құрылымдары лаңкестерді анықтаумен айналысты. Осыған дейін олар лаңкестерден сырттай қорқатын еді. Енді қауіп ішкі жақтан келіп жатыр. Мемлекет басшысы полиция қызметкерлері мен арнайы қызметтегілердің лаңкестердің көзін жоюдағы ролін атап өтіп, тұрғындарды құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген көзқарастарын өзгертуге шақырды. Полиция қызметкерлері күні-түні күзетте тұрады. Алғашқы соққыларды да алатын сол қызметкерлер. Көп жағдайда олар өз ісіне берілген, адал адамдар мен өз өмірлерін қиюға дайын азаматтар", - деді Бас прокурор Алматыда болған терактіде қаза тапқандардың отбасына көңіл айта отырып.

Сонымен қатар, Жақып Асанов Қазақстанда соңғы бес жылда міндетін атқарып жүрген 144 полиция қызметкерінің қаза тапқанын айтты.

"Бүгінде әлем бойынша ең бірінші қауіптердің бірі - терактілер. Күш құрылымдары лаңкестерді анықтаумен мен оларды жоюмен айналысуға бағытталды. Бұл үшін заңдар да, қаражат та, қызметкерлер де бар", - деді Асанов.

"Елбасы тәртіпті ретке келтіру үшін қажетті шешімдерді қабылдауға тапсырыс берді. Біз бұл тапсырма бойынша жұмыс істейміз. Азаматтар бізге сенімді болсын. Біз азаматтарымызды, қоғамды және елімізді қорғау үшін не істеу керектігін білеміз", - деді Бас прокурор Жақып Асанов.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 шілде 2016, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.