Атырау, 12 қазан 01:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Терроризм туралы "жалған ақпарат тарату" күдігімен екі адам қамалды

3 230 просмотра

Фото: ReutersАлматыдағы шабуылда теракт туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен екі адам ұсталды деп хабарлады Азаттық қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, полиция жалған ақпарат таратты деген күдікпен Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті, 1995 жылы туған Ч. есімді азамат пен 1993 жылы туған тағы бір тұрғынды анықтаған. Полицияның мәліметінше, Ч. есімді тұрғын әлеуметтік желіде Алматыдағы "City Plus" сауда үйінде адамдарды кепілге алғаны және адам шығыны бары туралы ақпарат таратқан.

Ал екінші күдікті әлеуметтік желіде қаланың төменгі бөлігінде "100 қарулы адамның адамдарды атып, қырып келе жатқаны" туралы жалған ақпаратты әдейі таратқан.

18 шілдеде Алматыда полиция бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл кезінде және одан соң көшеде қарудан оқ атылып, салдарынан алты адам қаза тауып, алты адам жараланған. Шабуылға күдікті ретінде Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев ұсталған.

18 шілдеде шабуылдан соң ұзамай әлеуметтік желілерде қаланың бірнеше жерінде атыс болып жатқан, "Қапашағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалғаныә, "қаланың төменгі бөлігінде топтанған қарулы адамдарды тұрғындарды атып келе жатқаны", "темір жол вокзалында өрт шыққаны" туралы ақпарлар тараған. Кейін құзырлы органдар бұл ақпараттарды жоққа шығарған.

Дереккөз: Аzattyq.org

22 шілде 2016, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.