Атырау, 12 қазан 01:31
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақтөбе аэродромына әскери ұшақтар қонатыны хабарланды

4 873 просмотра

Ақтөбеде әскери ұшақтар жергілікті аэродромға қонбақ деп хабарлады Азаттық Ақтөбе облыстық әкімдігі жанындағы «Ақтөбе-ақпарат» орталығына сілтеме жасап.

Талғат Бегелдинов атындағы әскери-әуе күштері әскери институтының бастығы Мұрат Қажымұратовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының әскери әуе күштерінің транспорттық және жауынгерлік авиациясы Ресей Федерациясының аумағында «АРМИ 2016» халықаралық әскери ойындарына қатысады. Осыған байланысты жауынгерлік ұшақтар Ресей Федерациясына ұшу кезінде 2016 жылғы 20 және 26 шілде аралығында «Ақтөбе» аэродромына қонады.

Әкімдік халық арасында жалған ақпарат тарап, дүрлігіс туындамас үшін жергілікті тұрғындарды әскери ұшақтардың "Ақтөбе" аэродромы арқылы жоспарлы ұшатыны туралы хабардар етуді жөн көрген.

Дереккөз:Аzattyq.org

21 шілде 2016, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.