Атырау, 11 қазан 23:26
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстан жұртшылығы ҚР Журналистер одағының төрағасының жағдайы бойынша елбасына жүгінді

3 064 просмотра

Алматы. 21 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан жұртшылығы ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың жағдайына қатысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады.

Біз төменде сол үндеудің мәтінін жариялап отырмыз:

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біздің сізге жүгінудегі мақсатымыз – танымал журналист Сейтқазы Матаевқа, оның үстінен алты ай бұрын басталған істің объективті қаралып және әділ шешілуіне көмек көрсету. Осы аралықтың бәрінде С. Матаев үй қамауында отыр және өзінің жақсы атын қорғаудың нақты мүмкіндігінен айрылған. Ол хат алмасу, кездесу, білікті медициналық көмек алу құқығынан айрылған.

Бізде тергеу, прокуратура және соттың әрекеттеріне баға беру ниетіміз жоқ, біздің міндет басқа – Сіздің назарыңызға, бұдан 25 жыл бұрын сізбен бірге Қазақстан тәуелсіздігінің іргесін қаласқан Сіздің тұңғыш баспасөз хатшыңыздың адал атын құқық қорғау органдарының қолымен қаралғысы келіп жатқанын жеткізу.

Біз С. Матаевты жақсы білеміз. Ол Сіздің тікелей тапсырмаңызбен «Ұлттық баспасөз-клубы» қоғамдық бірлестігін жақында ғана дүниеден озған Александр Кимасовпен ұйымдастырды. Сіз оны да танисыз. Олар Қазақстан Журналистер одағы мен аймақтардағы оның филиалдарын қалпына келтіріп, Астанада республикалық Журналистер үйін салды.

Одан кейін ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігін қайтадан іске қосып, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Иран және Қытайда ақпараттық агенттіктер желісін іске қосты. Осы ресурстардың барлығы біздің республикамыздың мүддесінде, оның шетелдегі иммиджі мен атақ-беделін көтеруге бағытталған.

Әр адамның өмірінде жетістіктері мен кемшін соққан сәттері, табыстары мен қателіктері, жақсы және жаман күндері болады. Өмірдің өзі сондай, адам да сондай. Біздің міндетіміз – С. Матаев пен оның отбасын осы жағдайда қолдау. Ол тағылып отырған айыптармен келіспейді, өзінің атағын сотта қорғап шығуға дайын. Біз С. Матаевқа қатысты сот адал шешім шығарар деген үмітпен, істің объективті қаралуына көмек көрсетуіңізді өтініп жүгініп отырмыз.

Ол өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеп шығатынына күмән келтірмейміз. Сондықтан Сіздің шынайылығыңыз бен Сіздің жұмысыңыздың бітімгершілік сипатын ескере отырып, тергеу барысын жеке бақылауға алуыңызды шын көңілмен сұраймыз.

Үндеуге Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Асанәлі Әшімов, Мұхтар Шаханов, Игорь Вовнянко, Тоқтар Әубәкіров, Ораз Жандосов, Роза Рымбаева, Тамара Калеева, Дулат Исабеков және Ермек Тұрсынов қол қойды.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 шілде 2016, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.