Атырау, 2 мамыр 03:56
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Алматыдағы бірнеше көшеден полиция қоршауы алынды

1 545 просмотра

Фото: Аzattyq.orgАлматыда Зенков, Абдуллин, Мақатаев және Гоголь көшелері аумағындағы полиция жасағы қоршауы алына бастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Аталған көшелер периметрін қоршау бүгін таңертең сағат 9 шамасында басталған. Аумаққа полиция жасағы тартылып, полицияның бірнеше "Газель" көлігі, бортында әлдебір техникасы бар әскери үлгідегі "КамАЗ" көлігі байқалған.

Қалалық ішкі істер депаратаменті аталған көшелерде полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын ғана айтып, басқа ақпарат бермеген.

Полицияның "жедел іздестіру шаралары" бүгін Алматыда 18 шілдеде шабуылдан қаза тапқан полиция қызметкерлерімен қоштасып, ақтық сапарға шығарып салу рәсімімен қатар жүрді.

18 шілдеде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы адам шабуыл жасап, салдарынан үш полицей, шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Қаза тапқан полиция қызметкері Аян Ғалиев пен отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановпен қоштасу орталықтағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Рәсім кезінде спорт сарайы маңында да полиция қызметкерлерінің қарасы басым болды.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 шілде 2016, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.