Атырау, 2 мамыр 01:42
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Р.Күлікбаев алдымен судьялар мен прокурорларды өлтіруді көздеген – Қ.Қасымов

2 269 просмотра

Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымовтың айтуынша, Алматыда атыс ашқан Руслан Күлікбаевтан жауап алынды. Ол барлық құқық қорғаушылардан өш алғысы келіп жүргені жайында айтқан. Солардың ішінде судьялар, прокурорлар, арнайы орган қызметкерлері және полицейлер бар, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сол себепті кеше ол сағат 10:00-де алдымен Алмалы аудандық сотына барған. Рюкзагында қару болды. Сол жерде ол судьялар мен прокурорларды өлтіруді жоспарлаған. Шамамен 30-40 минуттай күтті. Ешкім шықпағаннан кейін ол 200 метр шалғай орналасқан Алмалы аудандық ішкі істер департаментіне бет алған», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

«Отырысқа келе жатқанда ауыр xалде жатқан тағы бір полицейдің қайтыс болғанын xабарлады», - деп қосты министр

Айта кетейік, кеше Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы ауруxаналарында 8 полицейдің жатқанын xабарлаған.

Дереккөз: Baq.kz

19 шілде 2016, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.