Атырау, 1 мамыр 19:47
 бұлттыВ Атырау +13
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Дәрігерлер Алматыдағы атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді

2 177 просмотра

Алматы қалалық денсаулық басқармасындағылар атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір қала ауруханаларында жеті адамның жатқаны белгілі.

"Қазіргі уақытта қала ауруханаларында 7 адам жатыр. Бір науқас Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ем алды. Жағдайы жақсарған ол тергеу изоляторына ауыстырылды. Бес науқас қалалық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Тағы екеуі қалалық орталық ауруханада жатыр. Үш науқастың жағдайы ауыр. Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары тұрақты ауыр", - деді Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков.

Сонымен қатар, Исабеков қаланың үздік хирургтері бірнеше ауыр ота жасағанын айтты. Ол науқастардың алған жарақаттарының ауыр екендігін де атап өтті. "Көбінесе торако-абдоминалдық жарақаттар, аяқ-қолдары жарақаттанған, кеуде қуыстарына оқ жарақаттарын алған", - деді Исабеков.

Дереккөз: Tengrinews.kz

19 шілде 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.