Атырау, 11 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Алматыдағы атыс: полицияға оқ атқан екінші қылмыскер құрықталды

1 818 просмотра

Алматыдағы қарулы-қақтығысқа қатысы бар деген екінші қылмыскер қолға түсті,- деп хабарлады 365info.kz.

Бұл жайында әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.

Бұдан бұрын Ішкі істер министрлігі Алматыдағы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген-тұғын. Ондағы дерекке сүйенсек, Алматыда қару ұстап тайраңдап жүрген бір топ адам емес, екі қылмыскер екен.

Ал ең соңғы болып қолға түскен қылмыскер полициямен арада атыс басталған кезде ізін жасырып үлгерген. Оның қаланың қай жерінде құрықталғаны әзір нақтыланған жоқ.

Есесіне, фотосы жарияланды.

Сонымен қатар, қылмыскердің қалтасынан діни жазулар жазылған парақ табылыпты.

Дереккөз: 365info.kz

18 шілде 2016, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.