Атырау, 11 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Назарбаев Алматыдағы жағдайдан кейін Қауіпсіздік кеңесінің жедел жиынын өткізді

1 499 просмотра

Назарбаев Алматыдағы жағдайдан кейін Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда Twitter желісінде хабарлады.

"Алматы қаласында болған оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

18 шілде 2016, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.