Атырау, 22 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыдағы атыс жайында толығырақ

4 253 рет қаралды


Алматыдағы атыс салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 шілде күні сағат 11 шамасында Алматы қаласы ІІД Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына басып кіру мақсатымен күзетте тұрған полиция қызметкеріне оқ атылды. Нәтижесінде қылмыскер ішкі істер органдары қызметкерінің қаруын иемденіп, оқиға орнынан ізін суытты», - деп көрсетілген ведомство таратқан хабарламада.

Қылмыскерді ұстау операциясы кезінде ол «Буран» полиция экипажына қолындағы қарудан оқ атып, потрульдік экипаждың екі қызметкерін жаралады.

Одан әрі қылмыскер «Қазақконцерт» АҚ маңында полицияның қарулы қақтығысына тап болып, жараланған күйі қолға түсті. Аты-жөні анықталды. Оны ұстау кезінде де екі полицей жараланды.

Өкінішке қарай, қашу кезінде қылмыскер жеңіл автокөлікті басып алып, оның жүргізушісін атып өлтірді. Жүргізуші қаланың бейбіт тұрғыны еді. Сонымен қатар, қылмыскерлермен қарулы қақтығыс кезінде тағы үш полиция қызметкері көз жұмды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қолға түскен азамат 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы. Ол өткен демалыс күндері әйел адамды өлтірді деген күдік бар.

«Қазір қалада «Сирена» жедел жоспары енгізілді. Полицияның барлық қызметкерлері қолға түскен күдіктінің сыбайласын ұстауға жұмылдырылды», - деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, болған оқиғаға байланысты Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жарияланғанын еске саламыз.

Дереккөз: Baq.kz

18 шілде 2016, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.