Атырау, 11 қазан 23:24
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Алматыда террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейі жарияланды

1 592 просмотра

Алматыда бүгін сағат 12:20-дан бастап террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейі жарияланды,- деп хабарлады Азаттық.

Бұл туралы хабарлаған Алматы қалалық ішкі істер департаменті қала тұрғындарын "қызыл" деңгейге қатысты қойылатын талаптарды сақтауға шақырады.

Ресми мәлімет бойынша, терроризм актісі болған кезде және терроризм актісі қайталануы мүмкін екендігі туралы нақтыланған ақпарат болған кезде жарияланады.

Алматыда таңертең сағат 10:30 шамасында белгісіз қарулы ер адамның Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелері қиылысында орналасқан Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі жанында оқ атқаны хабарланған. Азаттық тілшілері ішкі істер бөлімінің қоршауға алынғанын, алайда ондағы полиция қызметкерлері ешқандай ақпарат бермейтінін айтады.

Дереккөз: Аzattyq.org

18 шілде 2016, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.