Атырау, 11 қазан 23:27
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Алматыда оқ атқандардың бірі ұсталды

Бейнежазба
1 798 просмотра

Сурет әлеуметтік желіден алындыАЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда оқ жаудырған шабуылшылардың бірі ұсталды. Видеоны куәгерлер түсіріп жіберді.

Белгісіз біреулер қаланың бірнеше ауданында оқ атқан - қазір Алматыда ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен және Абай даңғылы қоршауға алынды. Жедел жәрдем ауруханасының кезекші бөлімінде жараланып түскен адамдардың бестен асқанын, әлі де жаралылардың келіп жатқанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің арасында қарулы қақтығыс басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, полиция арасында жараланғандар бар. ІІД тұрғындарға қала аумағында терроризмге қарсы операцияның жүргізілуін жариялады.


Дереккөз: Іnform.kz

18 шілде 2016, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.