Атырау, 11 қазан 23:24
 ашықВ Атырау +9
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ниццадағы терактіде төрт қазақстандық қаза тапқан

1 846 просмотра

Фото: ria.ruФранцияның Ницца қаласында қаза тапқандар арасында Қазақстанның төрт азаматы бар деп хабарлады Азаттық агенттігі Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан азаматтары Любовь Панченко (1956), Марина Панченко (1983), Сильвия Панченко (2013) және Наталья Отто (1959) Ниццадағы теракт құрбандары болғанын қайғыра хабарлаймыз. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстан сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың туыстарына барлық қажетті көмегін көрсетеді" делінген министрліктің Twitter-дегі парақшасында.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Марина Панченко қызы Сильвия Панченкомен бірге Ниццада тұрған. Ол мұнда Түркия азаматымен азаматтық некеде тұрған. Терактіден аз уақыт бұрын оларға Павлодардан ата-анасы қонаққа барған. Теракт болған күні Марина Панченко анасымен және қызымен бірге орталық алаңға фейерверк көруге барған. Әкесі үйде қалған.

Бұған дейін Ниццада Қазақстаннан шыққан, Бельгияда тұратын Наталья Оттоның қаза тапқаны хабарланған. Сыртқы істер министрлігі өкілінің сөзінше, Оттоның Қазақстан азаматтығынан шыққанын растайтын құжат жоқ.

Ниццада 14 шілде күні болған терактіден 84 адам қаза тапқан. Олардың кейбірінің кім екені әлі анықталған жоқ. Қаза тапқандар арасында шетелдік туристер көп. Ниццада жараланған 202 адамның 85-і ауруханада жатыр.

Дереккөз: Аzattyq.org

18 шілде 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.