Атырау, 22 желтоқсан 22:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Павлодарда сібір жарасын жұқтырған адам қайтыс болды

2 143 рет қаралды

Павлодар облысында сібір жарасын жұқтырған деген диагноз қойылған үш науқастың бірі – 51 жастағы ер адам бүгін таңертеңгі сағат алты жарым шамасында облыстық ауруханада қайтыс болған,- деп хабарлады Азаттық.

Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында тұрған бұл адам шілденің 8-і күні облыстық жұқпалы дерт ауруханасына жатқызылған. Содан бері науқас жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан деп хабарлады дәрігерлер.

– Кеше ол өзін жақсы сезінген еді. Түнде жағдайы нашарлап кетті. Дем жетпей, тұншыға бастады, - дейді Павлодар облысының штаттан тыс бас эпидемиологы Гүлмира Құлмағамбетова.

Жұқпалы дерт ауруханасында сібір жарасын жұқтырғаны анықталған екі адам жатыр. Олардың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр дәрежеде деп бағалаған.

8 шілдеде 500 адам тұратын Ұзынсуда үш адам сібір жарасын жұқтырған деген күдікке ілінген соң, ауылда сойылған ауру сиырдың етін тексеріліп, одан сібір жарасы талшықтары табылған. 11 шілдеде елді мекенде карантин жарияланып, Ұзынсуға кірер жолға тексеру пункті орналастырылды. Дәрігерлер науқастармен байланыста болған 92 адамды анықтап, олардың 25-ін аудандық ауруханаға жатқызып, тексерген. Олардан қауіпті дерттің белгілері табылмағандықтан, кейін бәрі үйлеріне жіберілген.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 шілде 2016, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.