Атырау, 11 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстан Баян-Өлгийге 200 мың доллардың гуманитарлық көмегін бермек

2 816 просмотра

Қазақстан үкіметі Моңғолияның сел жүрген Баян-Өлгий аймағына 200 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек береді деп хабарлады моңғолиялық mnb.mn сайты. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Улаан-Баторда Моңғолия премьері Жаргалтулг Эрденебатпен кездесуінде айтқан,- деп хабарлады Азаттық.

Кездесуде Мәсімов пен Эрденебат екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас, сауда-саттық саласындағы ынтымақтастық дамыту жайын талқылаған.

10 шілдеде этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында су тасқыны жүріп, 100-ден аса үй қираған. 700-дей адам баспанасыз қалды. Ресми дерек бойынша апаттан бір бала қайтыс болған.

13 шілдеде Мәсімов Қазақстан Баян-Өлгийдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсететінін және мұны президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғанын хабарлаған.

Баян-Өлгийде тұратын 90 мыңға тарта халықтың 88,7 пайызы - этникалық қазақтар.

Мәсімов Моңғолияға 15 шілдеде өтетін Еуропа және Азия елдері саммитіне қатысу үшін барған.

Дереккөз: Аzattyq.org

15 шілде 2016, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.