Атырау, 11 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Елбасы Ниццадағы терактіге байланысты Франция Президентіне көңіл айтты

2 475 просмотра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландқа Ницца қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті 14 шілдеде Ницца қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ф.Олландқа, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ француз халқына көңіл айтты.

Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Дереккөз: Аkorda.kz

15 шілде 2016, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.