Атырау, 22 желтоқсан 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР СІМ: Ниццадағы теракттан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар бар деген ақпарат түспеді

2 416 рет қаралды

Фото: ReutersАСТАНА. ҚазАқпарат - Ниццадағы теракт салдарынан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығы туралы ақпарат түспеді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі Твиттердегі ресми парақшасында.

«Қазіргі уақытта Ниццадағы террорлық акты құрбандарының арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы жөнінде мәлімет түспеген, ақпарат қосымша тексерілуде. Ницца қаласындағы террорлық актіні қатаң айыптаймыз. Франция халқының қайғысына ортақтасамыз. Терроризм бүкіл әлемге ортақ қауіп-қатер», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Іnform.kz

15 шілде 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.