Атырау, 11 қазан 21:33
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ҚР Премьер-Министрі Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен кездесті

Бейнежазба
2 696 просмотра

Моңғолияға барған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Өлгей қаласына барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Pm.kz.

Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді.

Айтар болсақ, Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7% бөлігін қазақтар құрайды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Моңғолия басшылығы диаспора мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Бүгінгі таңда облыста 43 орта мектеп бар, онда 1-4 сыныптар аралығында оқушылар қазақ тілінде, ал 5-11 сыныптар аралығында моңғол тілінде оқытылады.

Сонымен қатар қалада қазақ тіліндегі «Жаңа өмір» газеті жарық көреді.

Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет Өлгей қаласындағы селден зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін атап өтті.

Премьер-Министр жақын күндері көрсетілетін қолдау қандастарымызға табиғи апат салдарын жоюға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.

Еске салайық, Моңғолияның Өлгей қаласында 10 шілде күні сел жүріп, салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалды.


Дереккөз: Рm.kz

14 шілде 2016, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.