Атырау, 11 қазан 21:32
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Үйін жарып жібермек болған Әділбек Мейрамов жерді өз еркімен босатты - әкімдік

1 750 просмотра

Фото: Tengrinews.kzӨтемақыға қанағаттанбағандықтан өз үйін жарып жібермек болған астаналық тұрғын жерін өз еркімен босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Тұрғын үй басқармасындағылар мәлімдеді.

"Қосымша өтемақы (Әділбек Мейрамовқа - Авт.) берілген жоқ, ол әкімдікке ауызша шағым айтып, артынша үйді өз еркімен босатты. Әкімдік оған қосымша ештеңе бөлген жоқ", - дейді Тұрғын үй басқармасының басшысының орынбасары Асхат Елеужанов.

Ол ер адамның әкімдікке жақын күндері жолыққанын айтты. "Ер адам сот үкімі орындалуы тиіс екенін түсініп, үйді өз еркімен босататындығын айтты. Үйді босатқаннан кейін әкімдік үйдің сүру бойынша жұмыстар жүргізді", - деп толықтырды Елеужанов. Бір күн бұрын кешкі уақытта Иманов көшесінің бойындағы үйді сүру жұмыстары басталған.

Еске сала кетейік, Астана қаласында Иманов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы аумақ қоршауға алынған болатын. Ер адам сүрілгелі жатқан үйін жарып жібермекші болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz



14 шілде 2016, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.