Атырау, 26 қыркүйек 01:39
 дождьВ Атырау +20.2
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Қазақстан су тасуынан зардап шеккен Моңғолия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді

3 543 рет қаралды

Фото: ҚР ІІМ ТЖКАстана. 13 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан су тасуынан зардап шеккен Моңғолия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Баян Өлкейде (Моңғолия) су тасуынан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетілетін болады», - деп жазды премьер сәрсенбіде Twitter-дегі парақшасында.

Еске салсақ, негізінен этникалық қазақтар тұратын Моңғолияның Баян Өлкей қаласында 10 шілдеде су тасқыны салдарынан 2 адам көз жұмған, 100-ден астам үй қирап, 700-ге жуық адам баспанасыз қалған.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 шілде 2016, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.