Атырау, 11 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Астанада СІМ басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны талқылауда

1 445 просмотра

Бүгiн Астанада Каспий маңы мемлекеттері - Қазақстан, Ресей, Иран, Түркіменстан, Әзербайжан елдерінің Сыртқы істер министрліктері басшылары кеңесінің (СІМК) өкілдері Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны талқылауда,- деп хабарлады Baq.kz.

«Бүгiнгi жиын Каспий маңы мемлекеттерiнiң татулығының, бiрлескен ынтымақтастығы мен өзара әрекеттестiктiгiнiң, ортақ мақсатының бар екендiгiнiң көрсеткiшi болып отыр. Бiз тек бiрлесе ғана қазiргi заманғы қауiп-қатерлерге жауап бере алатынымызды және халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тұрақты және қарқынды дамуды тиiмдi қамтамасыз ете алатынымызды түсiнемiз. Әрiптестерiмдi консесус пен өзара тиiмдi шешiмдердi iздестiруге баса назар аударуға және Каспийдiң құқықтық мәртебесi жөнiндегi конвенцияны жылдамырақ бекiту басты мақсатына жету үшiн жұмыс қарқынын арттыруға шақырамын», - дедi Ерлан Ыдырысов.

Министрдiң айтуынша, бүгiнгi Астанадағы СІМК отырысында 5-інші Каспий саммитінде қаралуы тиіс конвенцияның соңғы нұсқасын даярлау бойынша нақты келісімдер жасалады. 5-інші саммит биыл Астанада өтуi тиiс.

Еске сала кетсек, отырыс алдында, 11-12 шілде күндері, Астанада Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейіндегі жұмыс тобының 46-шы отырысы өтті. Онда «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасының келісілмеген тұстары бойынша тұжырымдамалар мен қадамдар» қаралды.

Дереккөз: Baq.kz

13 шілде 2016, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.