Атырау, 22 желтоқсан 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Баян-Өлгий халқымен кездеседі

2 685 рет қаралды

Фото: Baq.kz14 шілде күні ҚР-ның Премьер-министрі Улаанбаатар қаласында басталатын Азия - Еуропа форумының XI – саммитіне қатысады. Іссапар аясында Баян-Өлгий аймағына аялдап, халық көпшілікпен орталық алаңда кездесу ұйымдастырады. Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметі хабарлады – дейді BAQ.kz.

Үкімет басшысының бұл өңірге алғаш рет баруы. Және 10-11 шілде күндері аймақ орталығында орын алған төтенше оқиғаға да тұспа-тұс келген сапарда алыстағы ағайынның жай-күйімен танысатын болады. Атажұрттағы ағайының алаңдаушылығын жеткізіп, қандай көмек көрсете алатындықтары жайлы да әңгіме қозғалуы мүмкін. Қалай дегенмен де Кәрім Мәсімовтің бұл сапары атажұрттан жырақтағы ағайынның көңіліне демеу болар деген үміттеміз.

Дереккөз: Baq.kz

13 шілде 2016, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.