Атырау, 11 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Елбасы Италияда пойыздар апатында құрбан болғандарға байланысты көңіл айтты

2 279 просмотра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Дереккөз: Аkorda.kz

13 шілде 2016, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.