Атырау, 11 қазан 21:24
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Головкиннің кезекті қарсыласы Келл Брук жайлы не білеміз?

Бейнежазба
2 554 просмотра

Бокстан WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренасында ағылшын боксшысы Келл Брукпен кездеседі,- деп хабарлады Baq.kz. Сонымен Брук деген кім болды?

Келл Брук – 1986 жылдың 3 мамырында дүниеге келген. Туған жері Англияның Шеффилд қаласы. Бұған дейн 66,7 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Кәсіпқой бокстағы карьерасын 2004 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Әлі күнге бірде-бір рет жеңілмеген. Бірақ қарсыластарының соншалықты танымал, атақты боксшылар болмаған. Әсіресе, алғашқы 16 қарсыласының рейтингтегі көрсеткіштері өте төмен болған екен. 2012 жылы отандасы Мэттью Хаттонды ұпай саны бойынша ұтып, IBF белбеуіне ие болды. Соңғы рет шаршы алаңға 26 наурызда шықты. Қарсыласы – кандалық Кевин Бизье болды. Шеффилдте өткен жекпе-жекте Брук екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Геннадий бұған дейін ағылшын боксшыларымен кездескенімен, Лондонда жекпе-жек өткізіп көрмепті. Сондықтан Англия астанасындағы бұл шайқасын алдағы үлкен жекпе-жектеріне дайындық ретінде есептеп отыр.

«Мен Келл Брук жайлы жайлы жаман еш нәрсе айта алмаймын. Ол жақсы боксшы. Елдің алдында беделі бар. Деңгейі жоғары боксшы. Менімен кездесуден бірнеше боксшы бас тартты. Ал ол өзінің дайын екенін жеткізді. Сондықтан оны шешіміне құрметпен қараймын. Бруктың 147 фунттан 160 фунтқа не себепті көтерілгенін білмеймін. Алайда осы батылдығы үшін құрметтеуге тұратын спортшы деп ойлаймын», – дейді Г.Головкин.

Негізі басында Геннадийдің басқа ағылшын боксшы Крис Юбенкпен шығуы мүмкін екені айтылған еді. Ұзақ уақыт келіссөздер жүргізілді. Бірақ екі жақты нақты келісімге келе алмады.

Геннадий Головкиннің промутері Том Леффлердің айтуынша Брукқа бұл кештің өз жерінде өтуі көп көмегін тигізуі мүмкін.

«Мен Келлге өз алғыымды білдіремін. Ол үлкен ерлік танытып, Геннадий кездесуге келісімін берді. Орта салмақта бірнеше боксшы жекпе-жек өткізуден бас тартқаны рас. Бір кездері Шугар Рэй Леонард жеңіл салмақтан көтеріліп, чемпион атанғаны бар. Сондықтан ондай тарихи сенсация жасағандар аз емес. Дегенмен Брук аса қатты тәуекелге барып отыр. Бірақ жеңіп кететін болса, ол бокстың шыңына шығады. Ол жартылай орта салмақ үшін ірі, ал Геннадий орта салмақ үшін аса үлкен емес. Екеуі бірдей тұрғанда, салмақ жағынан аса қатты айырмашылық жоқ. Айырмашылық тек қағаз жүзінде ғана», – дейді Леффлер.

Промутердің айтуынша GGG командасы Сондер, Крис Юбенк және Карл Фрочқа ұсыныс жасаған. Бірақ олардың ешқайсысы келіспеген.

Промутердің айтуынша GGG командасы Сондер, Крис Юбенк және Карл Фрочқа ұсыныс жасаған. Бірақ олардың ешқайсысы келіспеген.

Өз кезегінде Брук Геннадий маған көп соққы бағыттай алмайды деп отыр.

«Мен бұл жекпе-жекті ұзақ күттім. Біз үздіктердің үздігімен келісім жасадық. Ұлыбританияға №1 боксшы келеді. Маған Геннадий Головкиннің командасы ұсыныс жасағанда, бірнеше минут ғана ойландым. Енді осы кездесу өтетін күнді асыға күтетін боламын. Бұл Ұлыбританиядағы соңғы жылдардағы ең үздік кездесулердің бірі болмақ», – дейді К. Брук.

Айта кетейік, 30 жастағы Брук кәсіби карьерасындағы 36 кездесудің 25-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.


Дереккөз: Baq.kz


12 шілде 2016, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.