Атырау, 24 сәуір 11:26
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

А.Мырзахметов: Жайылымды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту керек

1 509 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жайылымды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту керек. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің төрағалығымен өткен Қостанай облысындағы кеңесте осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жайылымдарды пайдалану мәселелерін реттеу үшін Министрлік Парламентпен бірге «Жайылымдар туралы» заң жобасын әзірлеу және ілгерілету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деп хабарлады ол.

Министрдің айтуынша, аталған Заң жобасында жайылымды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту, жайылымдарды тиімді пайдалану мәселелерін реттеу, жайылым айналымы ұстанымын енгізу және жайылымды пайдаланушылардың бірігуі институтын құру сынды тармақтар қарастырылуда.

Айта кетейік, Кеңеске облыстың және шекаралас аймақтардың ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстанның Ет Одағы» ДКЖЗТБ, «Қазақстанның Сүт Одағы» ЗТБ, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ, «Қазақстаның фермерлер одағы» РҚБ және де «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ өкілдері мен еншілес ұйымдары қатысты.

Дереккөз: Іnform.kz

12 шілде 2016, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.