Атырау, 11 қазан 21:32
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Алматыда Матаевтың ісі бойынша сот процесін жариялап тұратын баспасөз орталығын құрады

1 467 просмотра

Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ– Алматыда ҚР журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісі бойынша сот процесін жариялап тұру үшін баспасөз орталығын құрады, деп хабарлады журналисті қолдау комитетінен.

«Соңғы кездері бізге отандық және шетелдік журналистер келіп, алдағы сот процесі туралы ақпарат алғысы келеді. Журналистің ұсталуы мен қамауға алынуы қоғамда үлкен толқу тудырып, сондай-ақ Еуропарламент депуттарының, халықаралық құқық қорғау және журналистік одақтарының алаңдаушылығын тудыруы себепті, Қазақстан журналистер одағы мен «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры алда болатын сот процесін жан-жақты жариялап отыратын баспасөз орталығын ашуды ұйғарды», - деп мәлім етті журналисті қорғау комитетінен.

Бұл ретте комитеттен нақтылағандай, Матаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды, бірақ сот процесінің дәл қай уақытта өтетіні әзірге белгісіз.

Баспасөз орталығында адвокаттармен кездесу өтіп тұрмақшы, сондай-ақ танымал заңгерлермен және қоғамдық қайраткерлермен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен брифингтер өткізіліп тұрмақшы.

Сот процессін жариялап тұруға Facebook, Twitter, ВКонтакте, Одноклассникте және басқа да танымал әлеуметтік желілерде өздерінің аккаунттары бар блогерлер тартылмақшы.

«Біз сот отырысының залына осы мәселе туралы жазғысы келген барлық журналистер симай қалуы мүмкіндігін, журналистердің бір бөлігі жазғы демалысқа байланысты келе алмай қалуы мүмкіндігін ескеріп, баспасөз орталы сот процесі туралы шұғыл ақпараттар беріп тұруға септігін тигізбекші», деп атап көрсетті қолдау комитетінен.

Бұрындары хабарланғандай, С. Матаев жұртшылық және халықаралық баспасөз өкілдері қатысатын ашық сотта барлық айыптауларды теріске шығармақшы.

Бірқатар шетелдік БАҚ-тар, оның ішінде ВВС, Азаттық радиосы, Неміс толқыны, Рейтер, Франс-пресс, Ассошиатейд пресс, Гардиан, НТВ, Россия-24, Эхо Москвы, РБК, Московский комсомолец, Новая газета және т.б. сонымен қатар халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар, Халықаралық журналистер федерацияы, Халықаралық баспасөз институты, ТМД және Балтық жағалауы Журналистер одағының конфедерациясы, Орталық Азия мемлекеттерінің журналистер одақтары С. Матаевтың сотына қатыспақ ниетінің барлығын мәлім етті.

Дереккөз:ҚазТАГ

11 шілде 2016, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.