Атырау, 11 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Байқоңырда денсаулық сақтау және білім беру саласы қазақстандық стандартқа көшті

2 244 просмотра

Фото: Tengrinews.kzБайқоңырда денсаулық сақтау және білім беру саласы қазақстандық стандартқа көшті. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін премьер-министр Қызылорда облысына іссапармен барып қайтты. Премьер-министрдің іссапары "Крайний" әуежайынан басталды. Онда "Союз-ФГ" зымыран тасымалдаушысы "Союз МС" түріндегі бірінші модификацияланған ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған болатын.

Кейін Кәрім Мәсімов Байқоңырдағы №277 орта мектепке барып қайтты. "Кәрім Мәсімов мектептегі оқу процесімен танысып, ондағы білім саласының қандай жағдайда екенін және оның дамуы туралы тыңдады. Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевтың айтуынша, Байқоңырдағы алты мектеп қазақ тілді білім беру жүйесіне көшті", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Байқоңырдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Төретай және Ақай іргелес елді мекендер туралы ақпаратты премьер-министрге облыс әкімі, "Байқоңыр" кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі Серік Қожаниязов айтып берді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

7 шілде 2016, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.