Фото: Bnews.kz Қазақстандық спортшы Геннадий Головкин өзінің кәсіби рингте тапқан қаражатын құйған қарағандылық кәсіпорынның жұмысын қадағалап отырмақ, деп хабарлайды BNews.kz.
«Мен жобаның құрылтайшысымын, менен өзге тағы екі құрылтайшы бар. Арманымызды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз. Жекпе-жектерде тапқан табысымды түгелдей елге алып келдім. Дәл осы көмір өнеркәсібіне инвестиция құюым кездейсоқтық емес, ол әрбір қарағандылықтың өмірінің ажырамас бір бөлшегі болып табылады. Бұл идея бұрыннан бар болатын, оны жүзеге асырудың сәті енді түсіп отыр. Мұнда сенімді тұлғам жұмыс істейді. Мен қадағалап отырамын», – деді Г.Головкин.
Жаңа жобаны «КАZ Феррит» ЖШС және «Самұрық-Қазына» қоры іске асыруда. Өндіріс Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында құрылып отыр. Кәсіпорын Қарағандының өндірістік аймағында орын тепкен. Жаңа кәсіпорында 150 жұмыс орнын ашу көзделуде. Фабриканың өндірістік қуаттылығы - жылына 500 мың тонна көмір өңдеу.
Көмірдің сапалы қасиеттерін арттыруға бағытталған инвестициялар ЕАЭО-да, кейін ДСҰ-да қазақстандық көмір өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі болып табылады. Жаңадан ашылған өндірісте 150 жұмыс орны қарастырылған. Алдағы уақытта фабрика кеңейіп, дамып, өндірісті ұлғайтпақ.
Көмірді байыту барлық бағалы минералдарды бос жыныстардан бөлу мақсатында көмір өңдеудің бастапқты процестерінің жиынтығы болып табылады.
Сонымен қатар көмірді байыту үшін сұрыптау және ұсақтау кешендерін салу қажет. Жаңа кәсіпорында айналымдағы сумен қамтуды ұйымдастырудың қажет болу себебі – ол өнімді байытуға пайдаланатын суды қайталап пайдалану үшін фильтрден өткізуге кері қайтармай, жердің бедеріне ағызып жіберуге мүмкіндік береді.
Айналымдағы сумен қамтудың «жасыл технологияларының» экономикалық және экологиялық тиімділігі мол. Фабриканың құрылтайшылары атап өткендей, қоршаған ортаны қорғау және экологияны сақтау жаңа кәсіпорынның басымдыққа ие міндеттерінің бірі болмақ.
Г.Головкиннің айтуынша, Қазақстан экономикасына инвестиция салудан бөлек, ол спортқа да қаражат құймақшы.
«Мен спорттық инфрақұрылымға да инвестиция құятын боламын. Көздеген мақсаттарым бар, ол үшін инвесторларды да тартып қойдым. Егер бәрі ойдағыдай болса, Қарағанды облысында спортты дамытамыз. Дамытуды көздеп отырған бағытымыздың бірі – ол Қарқаралы жобасы», – деп тілге тиек етті Головкин.
Қарағандыда өткен өндірістің ашылу салтанатында журналистер боксшыға бұл әрекетіңізбен спорттық карьераны аяқтағалы жүрген жоқсыз ба деген сұрақ та қойды.
«Мені зейнеткерлікке жібергілеріңіз келе ме? Не үшін? – деп қалжыңдады Головкин.
«Спортта өзімді әлі көрсете алған жоқпын деп ойлаймын. Алға қойған жоспарларым бар, барлық белбеулерді жеңіп алғым келеді. Не үшін дейсіздер ғой? (...) Халқыма қуаныш сыйлағым келеді, өйткені ондай жағдай елімізде болып көрмеген. Барлық белбеулерді еншілеген Бернард Хопкинс деген спортшы болған. Бірақ ол тым ертеде өтіп кетті. Діттеген мақсатқа ақырындап келе жатырмыз, бәрі де жақсы болады деп ойлаймын», - деді атақты боксшы.
Дереккөз: Вnews.kz
В Атырау 0