Атырау, 11 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Сейтқазы Матаевтың қорғаушылары бухгалтерлік құжаттарды іске тартудан бас тартқаны үшін тергеушінің үстінен ҚР бас прокуратурасына шағымданды

2 477 просмотра

Алматы. 5 шілде. ҚазТАГ - Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаевтың қорғаушылары ҚР бас прокуратурасы бухгалтерлік құжаттарды іске тартудан бас тартқаны үшін тергеушінің үстінен шағымданды, деп хабарлады қорғаушы Мәдина Бәкиева.

«Бізге кеше (қосымша тергеу жүргізу және сараптама жасаудан – ҚазТАГ) бас тартты, сосын біз дереу бас прокуратураға шағымдандық. Алайда алдын-ала тергеу бізге барлық құжаттарды қайтармай жатыр. Олардың онымен не істеп жатқанын біз тек болжап қана отырмыз. Тергеу ҚПК мен Конституцияның барлық нормалары мен қағидаларын өрескел бұзып отыр», - деді М.Бәкиева сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде С.Матаевтың қорғаушысы Андрей Петров қорғаушы тараптың тергеу тобына 6 мың беттен тұратын құжатты ұсынғанын айтты.

«Біз жақында ұсынылған құжаттарды ескере отырып, қосымша тергеу жүргізу және сараптама жасауға өтініш бердік. Біз 6 мың беттен тұратын құжат тапсырдық, шамамен 30 томнан тұратын құжат бердік. Біз түсінбей жатырмыз, тергеуші өзінің қаулысымен негізсіз бізге бас тартып отыр. Тергеу тарапынан мұндай әрекеттер дұрыс емес, себебі бұл адамдар қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. ҚПК-ге сәйкес тергеу органдары жан-жақты және объективті болулары керек, кез келген күмән күдіктінің пайдасына талқыланады. Және егер күдікті қосымша тергеу жүргізуді өтінсе, тергеуші оны орындауға міндетті», - деп атап өтті ол.

А.Петровтың айтуынша, тергеу С.Матаев жетпеген құжаттарын қалпына келтірді деп отыр, алайда мамандардың айтуынша, 5 жылғы қаржылық және бухгалтерлік құжаттарды 3 ай ішінде қалпына келтіру мүмкін емес, себебі 2 жылғы құжаттардың өзін қалпына келтіру үшін кем дегенде 8 ай кетеді.

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалееваның айтуынша, сарапшылар тергеуге ұсынылған құжаттар бойынша толыққанды сараптама жүргізудің мүмкін еместігін бірнеше рет мәлімдеген.

«Күні бүгінге дейін Алматының сот сараптамасы орталығының сарапшылары ұсынылған құжаттарды ескергенннің өзінде «Ұлттық баспасөз клубы» АҚ-ның барлық бастапқы құжаттарының жоқтығы туралы қорытынды беру мүмкін емес деп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, Т.Қалеева Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қарсы айыптардың барлығы сөз жүзіндегі айғақтарға негізделген деп отыр.

«Алғашқы айларда шенеуніктер бәрі ашық, шын деді, наурыз айында олар түсініктемелерін түбегейлі өзгертіп, Матаевтың беделін басшылыққа алып, бұзушылықтарға барғандарын айтты. Бұл барып тұрған жалған. Дегенмен бізде шенуніктер құрылымға келгенде қауқарсыз, оны тұтқындауға негіз жоқ, және ол ешкімге жала да жаппайды деп айтуға ешкімнің батылы да жете қоймас. Осы сөз жүзіндегі түсініктемелер бастапқы айыптауларды қолдауға негіз болып отыр», - деді ол.

А.Петров хабарлағандай, тергеушінің тергеуді жалғастырудан бас тартуына байланысты іс прокуратураға беріледі сосын сотқа.

Еске салсақ, 22 ақпанда ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев мемлекеттік қаражатты жымқыроған және салық төлеуден жалтарған деген күдікпен ұсталған болатын. 24 ақпанда Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты оны үй қамауына алу туралы оқшаулау шарасын қабылдады. ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры, осы іс бойынша тергеуге тартылған Әсет Матаев жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның және әкесінің конституциялық құқығын бұзды деп мәлім етті. С. Матаев пен Ә. Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды теріске шығарып оты р. Олар шығын сомасы тиісті аудиторлық тексеріс жүргізілместен аталды деп отыр.

11 сәуірде сот Сейтқазы Матаевтың үй қамауында болу мерзімін бір айға - 22 мамырға дейін ұзартты

Бірқатар шетелдік БАҚ-тар, оның ішінде ВВС, Азаттық радиосы, Неміс толқыны, Рейтер, Франс-пресс, Ассошиатейд пресс, Гардиан, НТВ, Россия-24, Эхо Москвы, РБК, Московский комсомолец, Новая газета және т.б. сонымен қатар халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар, Халықаралық журналистер федерацияы, Халықаралық баспасөз институты, ТМД және Балтық жағалауы Журналистер одағының конфедерациясы, Орталық Азия мемлекеттерінің журналистер одақтары С. Матаевтың сотына қатыспақ ниетінің барлығын мәлім етті.

Одан басқа, АҚШ конгресінде С. Матаевтың ісі мен Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты жағдай бойынша тыңдаулар болады деп күтілуде

23 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу тобы ақпарат жүйесін пайдалана отырып, сенімді асыра пайдаланған деген басқа бапқа өзгерту туралы жаңа қаулы қабылдады.

22 маусымда Сейтқазы Матаевтың үй қамағы қосымша шектеулер енгізіле отырып, 22 шілдеге дейін ұзартылды. Енді оған тумаларымен кездесуге тыйым салынды.

4 шілдеде тергеу тобының басшысы Сәкен Таубалды Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың қорғаушыларына іске қаржылық құжаттарды қосу мен сот-экономикалық сараптама жүргізу туралы өтінішін қанағаттандырмады .

Дереккөз: ҚазТАГ

5 шілде 2016, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.