Алматы соты nur.kz, ғаламтор-ресурсына қарсы шағымды қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлады ҚазТАГ қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Авторлық құқықты қорғау жөніндегі Солтүстік Қазақстан қоғамы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің «Internet Portal Nur» ЖШС-не, «Нурхост» ЖШС-не мүліктік авторлық құқығын бұзғаны үшін өтемақы өндіру, nur.kz. интернет-ресурсының шығарылымын уақытша тоқтату, материалдары мен құрал-жабдықтарын тәркілеу және жою, сот шығындарын өндіріп алу туралы шағымын қанағаттандыруға қатысты – толық көлемде бас тартылсын», - делінген сот шешімінің қорытынды бөлімінде.
Бұл ретте атап өтілгендей, аталмыш шешімге ақырғы нысандағы шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясында шағымдануға немесе қарсылық білдіруге болады.
Бұған дейін хабарланғандай, авторлық құқықты қорғау жөніндегі Солтүстік Қазақстан қоғамы сотқа шағымданған. Олар nur.kz сайтына Defacto.kz. порталынан заң энциклопедиясына пираттық жасады деп айып тағып отыр. Шағымданушылар nur.kz сайтынан Т537 млн өтемақы өндіріп, интернет-порталдың жұмысын 3 айға тоқтата тұруды сұрап отыр. Кейін шағым nur.kz сайты қызметін Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз деп тану туралы талаппен толықты.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау 0