Атырау, 11 қазан 19:25
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Седовқа тағы бір мүмкіндік беріледі – Алексей Ни

2 590 просмотра

Фото: newstaraz.kzВладимир Седовқа Рио олимпиадасына бару үшін тағы бір мүмкіндік берілмек, деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы ауыр атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни мәлімдеп отыр.

Маусым айында Талқорғанда өткен ел чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Седов өнер көрсетуден бас тартқан болатын.

«Седовке қатысты жағдай басқаша болып отыр. Біз оған өзін тексеріп көруге тағы бір мүмкіндік беріп отырмыз. Ол шешуші іріктеу турниріне қатысады. Бұл іріктеу басқа спортшылардан бөлек өтеді. Бұл сынақ 12 шілдеге жоспарланып отыр», деді Алексей Ни.


Владимир Седов - 2009 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ, қола (2013) және күміс (2014) жүлдегері. Ол Лондон олимпиадасында 105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жүлдеге ілінбей қалған болатын. Ал Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында зілтемірді көтермей, ресейлік ауыр атлет Александр Иванов бейнеленген футболкамен шығып, «Нағыз олимпиада чемпионы» осы деп, айғайға басты. Бұл әрекетінен кейін бапкерлер оның мүмкіндігі осымен шектеліп, олимпиадаға жіберілмейді деп мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

5 шілде 2016, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.