Атырау, 11 қазан 19:24
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Рио Олимпиадасына баратындарға допинг дауының еш қатысы болмауы тиіс - Н.Назарбаев

1 529 просмотра

Рио Олимпиадасына баратындарға допинг дауының еш қатысы болмауы тиіс. Бүгін Ақордада Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Барғысы келетін спортшылар көп болғанымен, бірен-сараны ғана барады. Бүкіл әлем бойынша 10 мың спортшы тым аз. Сіздер осынау үлкен элитаға, алтын элитаға қосылдыңыздар. Мұның өзі жетістік. Мұнымен де сіздерді құттықтаймын. Сіздер, спортшылар, бейбітшілік елшісі саналасыздар, олар адамдарды жақындастырады. Спорт бейбіт жолмен жарыса отырып та өз еліңнің мүмкіншілігін дәлелдеуге болатынын көрсетеді. Сіздердің жеңістеріңіз Қазақстан беделінің қоржынына түседі.

Мемлекет басшысы экономикасы мен мәдениеті төмен, дамымаған елдерде спорттың дамуы мүмкін еместігін баса айтып өтті.

«Жалпы, мұның барлығы да әлемдегі және Бразилияның өзіндегі допингке қарсы шаралар, көпшілігі үшін түсініксіз қиын жағдай аясында өтуде. Олардың қаншалықты әділ немесе әділ еместігі түсініксіз. Дегенмен, мұның барлығының да сіздерге қатысы болмауы тиіс. Сіздердің міндеттеріңіз күресу, жеңу. Сіздер біздің спорттық отбасымыздың толыққанды мүшесісіздер. Көпшілігі жас, сіздердің алдарыңызда тағы да жарыстар болады», - деді Н.Назарбаев.

Дереккөз:Іnform.kz

4 шілде 2016, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.