Атырау, 11 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ресей зымырандары құлау үшін Қазақстан аумағынан жер бөлінді

2 918 просмотра

Image 0

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшатын "Союз" типіндегі тасымалдаушы зымыранның бөліктері түсетін жер үшін Ресей Қазақстанға жылына 460 мың доллар төлейді. Мұндай соманы "Наш Костанай" басылымына Қазақстанның инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеген – деп хабарлады BAQ.kz.

Бұл төлем сомасы Қазақстан аумағына Ресей тасымалдаушы зымыранның қанша бөлігі түссе де сақталады.

"Мұнда мәселе бөліктердің құлау траекториясының өзгеруі жайлы болып отыр. Яғни, бұрын бөліктер Жезқазған жаққа құлайтын, ал енді Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының және Қостанай облысының Жангелді ауданының территориясына құлайды. Осы мақсатқа 63 мың гектар жер бөлініп отыр (630 шаршы шақырым - Авт.): 22 мың гектар Ақтөбе облысында және 41 мың гектар Қостанай облысында", - деді шенеунік.

"Мен депутаттардың сұранысы бойынша екі облыстың әкімдеріне хат жаздым, олар бөлінген қаражаттың облыста тұрақтап қалмай, аудан бюджеттеріне берілетінін айтты, сол жаққа зымыран қалдықтары құлайды. Бұл қаражат әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Мен картаға қарадым, ол жақта елді мекендер көп емес, сондықтан сол аудандарда тұратын адамдар әлеуметтік мұқтаждыққа қаражат ала алады", - деді вице-министр.

Альберт Раудың айтуынша, қазіргі уақытта республика парламентінде ресейлік тараппен Қазақстан территориясындағы жер учаскесін қолдануға беру туралы келісімді ратификациялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл аймақтарға зымыран қалдықтары алдағы бір-екі жылдың көлемінде құлай бастайтын болады.

Дереккөз: Baq.kz

4 шілде 2016, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.