Атырау, 21 желтоқсан 13:24
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

1 560 рет қаралды

Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатыса отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«2016 жылдың 4 шілдесі күні таңға жақын, Мұхамедияровтардың отбасында Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Баланың анасы балабақша тәрбиешісі болса, әкесі электромонтер екен. Енді Астана - миллион халқы бар қала. Құттықтайын!», - деді Президент.

Мемлекеттік туды көтерген соң, дәстүрлі түрде, Астана күніне арналған шаралар ресми түрде басталатынын айта кетейік. Биыл Астана қаласы 18 жасқа толды.

«Енді елорда кәмелеттік жасқа толды деген сөз. Бұл дегеніміз қаланың алған белесі көп, болашағы зор деген сөз. Астана үлкен өзгерістердің қаласы. Бүкіл Қазақстанға шабыт беріп отырған да - Астана», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Дереккөз: Іnform.kz

4 шілде 2016, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.