Атырау, 11 қазан 19:28
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ОҚО-нан көшкен 30 отбасы СҚО-нан жұмыс табатындарына сенімді

2 040 просмотра

Фото: Аzattyq.orgСарыағаш қаласының тұрғыны 53 жастағы Айбөбі Дүйсенбі Солтүстік Қазақстан облысы Шоқан Уәлиханов ауданының Алқатерек ауылына қоныс аударып жатыр. Отбасындағы 5 адаммен үйсіз, жұмыссыз жүрген Айбөбі жаңа мекенде баспана мен жұмыс табылады деп үміттенеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасыдан тұратын көш сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысына аттанды деп хабарлайды Вaq.kz.

"Бір ай бұрын балам Алқатеректің тыныс-тіршілігімен танысып келген. Ұлым – дәнекерлеуші, келінім – тәрбиеші, өзім – аспазшымын. Әкімдігі жұмыс тауып беруге уәде етті. Ол жақта үй бағасы да арзан екен. Көшуді ұйғардық", - дейді ол.

Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Шірінбек Ешанқұловтың Азаттыққа айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов және Ақжар аудандарына қоныс аударып бара жатқан 30 отбасындағы жандарға жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында квота бойынша қаржы бөлінеді.

"Мысалы, отағасына 105 мың теңге, ал отбасының әрбір мүшесіне 75 мың теңге шамасында қаржылай көмек беріледі. Бұл тек қана көшіп барғанда бір реттік берілетін көмек. Көшіп барғандар мүмкіндігінше баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етілетін болады", - дейді шенеунік.

Халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан аймағынан егін және мал шаруашылығын дамытуға жұмыс күшіне сұраныс бар елдің солтүстік өңіріне қоныс аудару басталғанына үшінші жыл.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, биыл жыл басынан бері Сарыағаш ауданынан 140 мүшесі бар 28 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшіп кеткен.

Дереккөз: Вaq.kz

4 шілде 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.