Атырау, 11 қазан 17:27
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Биыл 120 өндіріс іске қосылатын болады - Президент

2 525 просмотра

Биыл елімізде 120 жаңа өндіріс іске қосылатын болады. Бүгін Астанада Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Біз жаңа жобаларды іске қосып жатырмыз. Халық экономиканы әртараптандыру шараларының жүзеге асып жатқанына куә болуда. Ендігі күні бағдарламаға түзету енгізіп, болашаққа қадамды нықтауға тиіспіз», - деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы әлемдік жағдайға тоқтала келе, елімізді алда қандай сынақтар күтіп тұрғанын болжау мүмкін еместігін атап өтті. «Дегенмен, біз кез келген тосын жағдайдың алдын алу үшін жұмыс істеген елміз. Бес институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадамды» орындауды алға қойдық. Экономикаға қосымша серпін беретін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асырып жатырмыз. Келешекте осының барлығы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өмір сапасын көтеруге, бәсекеге қабілетті болуға жұмыс істейтін болады», - деді Елбасы.

Дереккөз: Іnform.kz

1 шілде 2016, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.