Атырау, 30 наурыз 04:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

«Қайрат» футболдан Еуропа Лигасында жеңіспен бастады

2 457 рет қаралды

Фото: sports.kz«Қайрат» футболдан Еуропа Лигасында жеңіспен бастады, деп хабарлады ҚазТАГ.

Сыртта өткен бірінші іріктеу ойынында алматылықтар албандық «Теуту» командасын 1:0 есебімен жеңіп кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Ойын тағдыры 70-ші минутта шешілді. Алматылық клубтың ресейлік шабуылшысы Андрей Аршавин гол соқты.

Осы жеңістің арқасында қайраттықтар турнирдің келесі айналымына шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал «Теутумен» қарымта ойын Алматыда 7 шілдеде өтеді.

Жарыстың осы кезеңінде қазақстандық тағы екі команда ойнап жүргенімен, олар әлі жеңіске жеткен жоқ. «Ақтөбе» өз алаңында венгрлердің МТК командасымен 1:1 есебімен тең ойнаса, «Ордабасы» сырт алаңда сербтердің «Чукарички» командасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Дереккөз: ҚазТАГ

1 шілде 2016, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.