
Астана жаңбырдан кейін су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Астанада осымен бірнеше күн бойы жаңбырлы ауа райы байқалады.
Толассыз жауған жаңбырдан кейін Астананың көшелері су астында қалған. Куәгелер редакцияға су басқан аймақтардың суреті мен видеоларын жолдап жатыр. Бұл видео Нәжімеденов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында сағат 9.35-те түсірілген. Видео авторының айтуынша, жолдың жиегі мен дөңгелектер жартылай су астында қалған.
Синоптиктердің мәліметінше, Екатеринбургтен келген циклонға байланысты алдағы үш күнде Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашын мен желдің күшеюі күтіледі. Сонымен қатар, "Казгидромет" мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, Астанада бұлтты ауа райы болып, жауын-шашын мен бұршақ жауады. Ал күндізгі уақытта ауа температура 18-20 градус жылы болып, түнде 13-15 градус жылы болады.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау 0