Атырау, 11 қазан 17:23
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше болды

2 796 просмотра

Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі жылға мүше болып сайланды. БҰҰ бас ассамблеясындағы 193 елдің 138-і Қазақстанды, 55-і онымен бәсекеге түскен Таиландты жақтады,- деп хабарлады Азаттық.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне вето құқығы бар тұрақты мүше бес ел (Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) және әрбірі екі жылға сайланатын тұрақты емес мүше 10 ел кіреді. Тұрақты мүше емес 10 елдің бесеуі жыл сайын жаңарып тұрады. Биылғы бес орыннның төртеуін Қазақстан, Швеция, Эфиопия мен Боливия иеленді, ал бесіншісі Италия мен Нидерландтың біреуіне тиеді.

2017 жылдың 1 қаңтарында БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен тұрақты мүше емес бес ел (Ангола, Венесуэла, Испания, Малайзия мен Жаңа Зеландия) шығады.

Дереккөз: Аzattyq.org

29 маусым 2016, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.