Атырау, 11 қазан 17:27
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Риоға дейін Қазақстанда допинг зертханасы ашылады – А.Мұхамедиұлы

2 574 просмотра

Фото: Baq.kz Министрдің айтуынша, қазіргідей допинг дауы туындамас үшін Бразиялияға баратын барлық қазақстандық спортшылар өз жерінде зерханалық тексерістен өтетін болады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазіргі кезде демеушілік қаражаттарды беріп жатыр. Біз Олимпиаданың алдында міндетті түрде сол зертхананы іске қосып, барлық спортшыларымыз соның тексеруінен өтуі керек. Неге десеңіз, төрт жылдан кейін, сегіз жылдан кейін қайтадан осындай жағдайға ұрынып қалмау үшін. Бүгінде күн сайын жаңа медициналық препараттар шығарылып жатады. Сол себепті біз өз зертханамызға жаңа технологияларды алуымыз қажет», - деді мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы.

Оның сөзіне қарағанда, допингке қарсы қазақстандық зертхана демеушілердің қаржысына салынады. Алайда жобаның нақты құны әлі белгісіз. Қазіргі кезде арнайы мамандар осы мәселемен айналысып жатыр. «Мен ойлаймын, алдағы екі-үш күнде бұл мәселе толығымен шешіледі», - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, маусымның 21-і күні өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов допинг дауын тездетіп шешуді тапсырып: "Бәлкім, жеке меншік демеушілерді тартып, сапалы зертхана құру қажет. Біздің спортшыларымыз ол тесттен жарысқа дейін өтсе, ешқандай күдіктер болмайды", - деп ұсыныс жасаған болатын.

Дереккөз: Baq.kz


28 маусым 2016, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.