Атырау, 22 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір жиенді болды

3 170 рет қаралды

Фото: lady.mail.ruӘлия Назарбаева ұлды болды. Осыған байланысты ол өзі продюсері болған «Ана жүрегі» фильмінің Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық кинофестивалінде өтетін тұсаукесеріне бара алмай қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, Әлия ханым 18 маусым күні ұлды болған.

Ал оның өзі бара алмай қалған тарихи телехикаясының тұсаукесер көрсетілімі дүйсенбі күні Мәскеу халықаралық кинофестивалінде өтті.

Картинаны режиссер Ақан Сатаев, продюсер Светлана Коротенко және басты рөлдерді сомдаған Әділ Ахметов пен Аружан Жазылбекова ұсынды.

Ал аталмыш фильмнің еліміздегі көрсетілімі сегізінші қыркүйекке жоспарланған.

Естеріңізде болса, Әлия Нұрсұлтанқызының бұдан бұрын екі қызы бар болатын.

Дереккөз: Вaq.kz

28 маусым 2016, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.