Атырау, 19 мамыр 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ІІД: Бестөбедегі қақтығыста 14 кенші зардап шекті

1 586 просмотра

Ақмола облысының Бестөбе ауылында кеніште болған қақтығыста зардап шеккендердің нақты саны 20 адамнан асты,- деп хабарлады Азаттық. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен брифингте облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Ержан Сәденов мәлімдеген.

16 маусымда Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" компаниясы игеретін "Новая" кенішінде жұмысшылар жеке күзет агенттігінің қызметкерлерімен қақтығысып қалған. Қақтығыс барысында күзетшілер қызметтік бытыра мылтығын қолданған. ІІД баспасөз қызметінде бүгін Азаттыққа 14 шахтер бытыра оғы тиіп ауруханаға түскенін, күзет агенттігінің бес қызметкері мен екі полицей жараланғанын айтты.

"Күзетшілер заңсыз түрде алтын іздеушілердің бар-жоғын анықтамақ болып тексергенде, абайсызда артық кетіп қалған. Сосын сөзге келіп, төбелес басталған. Ол жерде жеті-сегіз күзетші болған. Төменнен оқиға орнына 45 кенші көтерілген. Атыс болған, қару күзетшінің атына тіркелген" деген Сәденов агенттіктерге.

Оның сөзінше, төтенше оқиғадан соң ауылда болған жиналыста әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер де көтерілген. Полиция бұған дейін қақтығыс жұмысшылардың күзетшілерге жеке заттарын көрсетуден бас тартуынан соң басталған деген. Жанжалдан соң кеніште екі күзет қызметкері мен бес кенші ұсталған. ІІД олардың барлығы кепілге босатылғанын айтады.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 маусым 2016, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.