Атырау, 22 желтоқсан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Нью-Йорктегі гей-парадта Қазақстанның туы алдыңғы қатардан көрінді

1 893 рет қаралды

Image 1Фото: FacebookFacebook қолданушысы Александр Смирнов Ньй-Йорктегі гей-парадтың фотоларын жариялады. 26 маусым күні өткен парад Орландодағы Pulse гей-клубында қаза тапқандардың құрметіне ұйымдастырылған. АҚШ тарихындағы ең үлкен гей-парадқа Қазақстан өкілдері де қатысып, еліміздің туын мақтанышпен алып жүрген,- деп хабарлады Nur.kz.

20 мың адам қатысқан гейлер парадын гей-клубтың қожайыны Барбара Пома бастап жүрген. Парадты тамашалаушылар саны 1,6 миллион адамға жуықтады.

Осыған ұқсас акциялар АҚШ-тың өзге қалаларында да өтті.

Парадқа қатысушылар қатарында АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон мен Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио да бар.

Еске сала кетейік, Орландо гей-клубындағы теракт кезінде 50 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алған болатын.

Дереккөз: Nur.kz

27 маусым 2016, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.