Атырау, 22 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада түнгі клубтан шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

3 169 рет қаралды

Сурет әлеуметтік желіден алынғанАстанада түнгі клубтан шыққан күй із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен өлі табылды деп хабарлады Қазақпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасады.

«26 маусым сағат 12:00 шамасында Пригородный кентінің жанындағы ағаштардың арасында осыған дейін із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Тергеу амалдарының барысында туыстары қайтыс болған азаматшаны таныды», делінген хабарламада.

Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне орай жасалынған қылмысқа байланысты басқа да мәліметтер жарияланбайды.

Еске сала кетсек, 9 маусымда Астана қаласы аумақтық ІІБ кезекші бөліміне 18 маусымда сағат 03:00-де туысы Балдырған Сыбанбаева «Ретро» түнгі клубынан шығып кетіп, содан қайтып оралмағаны жайлы шағымданған.

Дереккөз: Іnform.kz


27 маусым 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.