Атырау, 18 мамыр 09:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сiбiр жарасынан екi адамның көз жұмуына байланысты тексеріс жүргізілуде – Т.Дүйсенова

1 825 просмотра

Сiбiр жарасынан екi адамның көз жұмуына байланысты дәрігерлерге қатысты тексеріс жүргізілуде. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова журналистердiң сұрағына осылай жауап бердi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бiздiң мамандар мен жергiлiктi әкiмшiлiкке қарасты басқарма мамандары Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылына барып, азаматтармен кездесіп, толық түгендеу жүргізді. 7 науқаспен қарым-қатынаста болған 62 азаматтың барлығын есепке алдық. Ол адамдар қазiргi таңда қажеттi тексерістерден өтіп жатыр. Ал ауруханада жатқан 7 азаматқа толық қажеттi медициналық көмек көрсетiлуде. Олардың қазiргi жағдайы бiрқалыпты. Науқастардың өмiрiне қауiп төнiп тұрған жоқ», - дедi министр.

Т.Дүйсенованың айтуынша, ауыл тұрғындарының қайтыс болуына байланысты республика деңгейінде тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қазiр облыстық, аудандық клиника дәрiгерлері бұл азаматтарға қандай көмек көрсеткенiн, уақытылы шара қолданған-қолданбағанын анықтап жатыр. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейiн қосымша ақпарат берiледi», - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, аса қауіпті ауру ошағының табылуына байланысты Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылы мен одан 50 км радиус қашықтықтағы аумаққа 22 маусымда төтенше жағдай жарияланды. Ауылға баратын барлық бағыттар мен дала жолдары жабылды. Бұл ауылдан ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салынып, көлік қатынасы тоқтатылды. Қазіргі таңда республикалық Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары арнаулы құрал-жабдықтарымен Еркіндік ауылында тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандардың айтуынша Еркіндік ауылынан әзірге сібір жарасын жұқтырған бір мал ғана анықталды. Ауылда 465 адам тұрады. Ауру малдың етін тұтынғандармен 62 адам, оның ішінде 21 бала араласқан. Бүгінгі таңда барлығына дерлік емдік шаралар жүргізіліп, тексерістен өткізілді. Олардан ауру қоздырғышы анықталған жоқ.

Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында сібір жарасын жұқтырған 7 науқас ем қабылдауда.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 327 бап 1 тармағы бойынша Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы талаптардың сақтамалмауынан ауыр салдарға алып келу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Дереккөз: Вnews.kz


24 маусым 2016, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.