Атырау, 18 мамыр 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жер реформасына қатысты әлі де ортақ пікір қалыптасқан жоқ - Е. Нысанбаев

1 869 просмотра

Фото: primeminister.kzЖер реформасына қатысты әлі де ортақ пікір қалыптасқан жоқ. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев (суретте) осылай мәлім етті,- деп хабарлады Қазақпарат.

Еске сала кетейік, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Талқылау барысында сенатор Бірғаным Әйтімова алдағы уақытта Жер кодексіне қатысты қандай жоспарлар бар екенін сұраған болатын. «Тоқсаныншы жылдан бері бұл Жер кодексіне алты мәрте өзгерістер енгізіліпті. Әрине, бұл рекорд емес, Үкімет бюджетке қатысты өзінің қаулысын бір жылда он төрт мәрте өзгерткен болатын. Дегенмен, жер мен жерге қатысты өзгерістердің жиілеуі жөн бе?», - деді Б. Әйтімова.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев бұған дейін Жер мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның үш отырысы, екі көшпелі отырысы өткенінен хабардар етті. «Егер біздің жедел желіге түсіп жатқан қоңырауларды талдасақ, онда он мыңнан астам сұрақтар мен ұсыныстар келіп түскенін көріп отырмыз. Бұдан бөлек, жер туралы сайт ашылған болатын, онда мыңдаған сұрақтар келіп түсті. Осының бәріне де жауаптар берілуі тиіс. Ең бастысы, жер мәселелеріне қатысты бірыңғай ортақ пікір әлі қалыптасқан жоқ. Десе де, өткен шаралардың қорытындылары бойынша жұма күні жұмыс топтары қайтадан бас қоса бастайды. Міне, осы жұмыс топтарының нәтижесінде біз келіп түскен сұрақтар бойынша талдау жұмыстарын жасайтын боламыз. Ең қызығы сұрақтардың сексен пайызы жер реформасына қатысты емес. Олардың дені он сотық жер алуға байланысты болып отыр. Сұрақтардың бес-алты пайызы жер реформасына қатысты, қалғаны басқа мәселелер. Сондықтан да, қандай да бірыңғай ортақ пікірдің қалыптасқаны туралы айтуға ертерек», - деді Е.Нысанбаев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта өңірлерге сапар әлі де жалғасатын болады. Онда халықпен кездесіп, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалады. Содан кейін ғана нақты мәселелер айқындалмақ.

Дереккөз: Іnform.kz

23 маусым 2016, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.