Атырау, 11 қазан 13:27
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ҚР БҒМ: Үш тілде білім беру бағдарламасы кезең-кезеңмен енгізіледі

3 589 просмотра

Фото: vlast.kzҮш тілде білім беру бағдарламасы мектеп пен ұстаздар дайын болған кезде енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева (суретте) мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жаңартылған мазмұндағы кестеге сәйкес, үш тілде білім беру 2016 жылы 1 сыныптан бастап кезең-кезеңмен енгізіледі. 2020 жылы 12 жылдық білім берудің жаңартылған түріне барлық сыныптарды көшіру аяқталады. Үш тілде білім берудің 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде үш тілде білім беруді енгізуге дайындық басталды. Бастауыш сыныптарда оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жекелеген пән ретінде оқиды. 2019 жылдан бастап қайта тілде оқитындығына қарамастан, негізгі мектепте Қазақстан тарихын қазақ тілінде және Дүниежүзі тарихын орыс тілінде оқыту қарастырылған. Тек 2019 жылы жоғары мектептердің 10-11-12 сыныптарында химия, физика, информатика және биология секілді төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту көзделіп отыр», – деді Э.Суханбердиева.

Оның айтуынша, үш тілде білім беру бағдарламасы мектеп пен ұстаздар дайын болған кезде ғана енгізілетін болады.

Дереккөз: Вnews.kz





17 маусым 2016, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.