Астана әуежайына қонбақшы болған әскери ұшақтың екі дөңгелегі жұлынып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайын Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева айтып берді.
"Бүгін сағат 13.37-де Астана әуежайына қонып жатқан Ту-134 ұшағының шассидің сол жағында орналасқан екі дөңгелегі жұлынып кетті. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Мұны авиациялық оқиға деп айтуға болады", - деді Колбачаева.
Оның айтуынша, ұшақ Алматы-Астана бағытында ұшқан.
"Болжам бойынша, оқиға ұшу-қону жолағында жатқан заттан болған. Дөңгелектер жаңа. Ұшақтар штатты режимде қонып жатыр. Ұшақ әуелі қонған, содан кейін ғана дөңгелектері шығып кетті. Ұшқыштың қателігі емес", - деді ол.
"Осыған байланысты сағат 14.00-14.40 арасында Астана әуежайы жұмыс істеген жоқ. 14.40-тан бастап әуежай жұмысын штатты режимде жалғастырып жатыр", - деді Астана әуежайының өкілдері.
Дереккөз:Tengrinews.kz